АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

Қала әкімі Қайрат Оразбаев қоғамдық көліктердің мәселесін біртіндеп  шешіп жатыр. Ол өзінің фэйзбук парақшасында осы туралы кеңінен тарқатып өтті.

«Кәзіргі уақытта кейбір мәселелер шешілді, соның ішінде;

1. Кеңөзек – № 51 маршрут, автобустар саны 2-ден 6 бірлікке дейін өсті, нақты уақыт аралығы 20 минутты құрайды. Наурыз айының соңына дейін 10 бірлікке дейін көбейеді,

2. Дамба, Атырау ауылдық округі – №50 маршрут Авангардқа дейін, № 57 маршрут Дамбаға дейін ұзартылды және автобустар саны 11 бірлікке көбейтілді, автобустардың жүру аралығы 15 минут,

3. Ақсай, Қайыршақты ауылдық округі – № 53 маршрут, автобустар саны 5 бірлікке дейін өсті, олардың ішінде тек Бесікті ауылына 3 рейсі жүреді. Автобустардың саны 10 сәуірден бастап артады,

4. Еркінқала – № 52 маршрут, автобустар саны 5 бірлікке дейін өсті, аралық 25 минутқа дейін қысқарды,

5. Тұрғындардың өтініші бойынша № 57 және 50 маршруттарының жүру бағыты өзгерді. Алдағы уақытта сатып алынған 170 автобустың 58 данасы келеді. Автобустар сұйылтылған метанмен жүреді, жанар-жағар май станциясының құрылысына жер бөлінген, ал жанармай құю стансасының жабдықтары Атырау қаласында» – depti қала әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button