Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
– Тұрғындардың саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға, басқа да демалыс орындарына баруына тыйым салынады. Бұдан бөлек, көшеде 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған, – depti Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Жанар Досымбаева.