Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ШЕТЕЛДІКТЕР КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН

87233853 215443806515940 1948341540791255040 o 920x425 1

Атырау полицейлері құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары тараптарынан карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтамау деректерін анықтады, деді облыс Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Рейдтік іс-шаралар барысында Нұрсая-3,Нұрсая-2 ықшам аудандарындағы және Жеңіс саябағы маңайындағы Жайық жағалауындағы салынып жатқан құрылыс нысандарында жұмысшылар медициналық бетперделерсіз жұмыс жасаған, сондай-ақ құрылыс нысандарының үшеуінде де антисептикалық құралдар болмаған.

Барлық жинақталған құжаттар жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Exit mobile version