Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

89579024 125316355704496 7034725100167364608 n

Сотталушы жергілікті атқарушы органға кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны жөнінде хабарлама жібермей, жолаушыларды тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны анықталған.

«Сот отырысында айыпталушы кәсіпкерлік қызметпен 2015 жылдан бастап атқаратынын, ол жөнінде патент алғанын, Атырау қаласының кірістер басқармасына тіркелгені туралы хабарлама барын, алайда жолаушыларды тасымалдау туралы хабарламаны жергілікті органға жолдау жөнінде білмегенін айтып көрсетті», – дейді Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты.

Жүргізушіге мемлекет пайдасына 46 393 теңге көлеміндегі айыппұл өндіру жазасы қолданылды.

Exit mobile version