АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «ТУХЛАЯ БАЛКАНЫҢ» ЖҰМЫСЫ ТОҚТАЙДЫ

Атырауда  экологиялық проблемаларды  шешудің жаңа жолдары ұсынылды. 2021 жылдан бастап булану алаңына су ағызу тоқтатылады.

«Жоғарыда көрсетілген проблеманы шешу үшін біріншіден, Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы кәріз-тазарту құрылығыларының құрылысы басталып, оны осы жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2021 жылдан бастап ағынды суларды «Булану алаңына» (Тухлая балка) қалдық суды ағызу тоқтатылып,  аумақ толық  қалпына келтіріледі. Екіншіден, қаланың оң жақ жағалауындағы «Квадрат» булану алаңында ағынды су қабылдағышын тазалау жұмыстары жоспарланған» – depti Атырау облысы бойынша Экология департаментiнiң басшысы Абай Сафин.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button