АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖОЛ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

Сатпаев көшесіндегі «Академия” аялдамасының тұсында жүргізіліп жатқан жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс жұмыстарына байланысты алдағы жексенбіде жол учаскесі жабылады.

Бұл туралы қалалық ТКШ баспасөз қызметі хабарлады.

15 наурыз күні таңғы сағат 08:00-ден бастап кешкі сағат 18:00-ге дейін құрылыс аумағында көлік қозғалысы тоқтайды.

Айта кетейік, орталық көшедегі екі бағытты жолдың алдымен академия жағы жабылады. Жолдың бұл бағытындағы жұмыстар түске дейін аяқталған соң, келесі бағыттағы қозғалыс шектеледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button