АТЫРАУДАҒЫ «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

10 қыркүйектен бастап Атырауда қала көшелері мен жолдарында ереже бұзушылықты тіркейтін интеллектуалды «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылады. Осы күннен бастап жол ережесін бұзушылар айыппұл түбіртектерін ала бастайды. Естеріңізге салсақ, «Сергектің» қосылу мерзімі екі рет – 18 мамыр мен 1 маусымнан кейінге қалдырылды.

«Сергек» жүйесі жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту, тоқтау сызығын басу және жол таңбасы сызықтарын бұзу (мысалы, тоқтау сызығына 15 метр қалғанда қозғалысты ауыстыру) сияқты ереже бұзушылықтарды тіркейді.

Бірнеше шолу және тіркеу камераларынан тұратын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені 153 желілік аумақтар мен 51 жол қиылысына орнатылды. Бірақ бұл жолдағы қауіпсіздікке ғана қатысты емес.

Бұдан басқа, жобада полиция қызметкерлеріне бағдар бойынша көлік құралдарын іздеу функциясы бар 100 планшет қарастырылған.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау облысында 57 993 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді, оның 38 мыңнан астамы – облыс орталығында.

azh.kz

Exit mobile version