Атырау полицейлері 30 тамыз күні жедел іс-шара барысында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған «Ваз-2114» көлігін тоқтатты. Исатай ауданы Жанбай селосының 1994ж.т. тұрғынының басқаруындағы көлік салонынан салмағы 1 кг болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылып алынды, – депті Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 339-бабы 1 б (“Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу”) бойынша жүргізілуде.