АТЫРАУ ӘКІМДІГІ ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қала аумағында 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне арналған шаралар орталық алаңдарда өткізілмейтінін қаперлеріңізге береміз.

Дегенмен, қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, өңірдегі әр пәтер иелері кооперативтері (ПИК )мен қаламыздағы ұжымдық мекемелердің аулаларында және ауылдық округтерде мерекелік бағдарламалар өткізу жоспарлануда.


Exit mobile version