Site icon Ақпараттық-танымдық портал

«Атырау алаяқтарды асырап отыр» деген плакатпен наразылыққа шықты (+ВИДЕО)

443761543f55d297e

28 қыркүйекте «Атырау» 22-турда қостанайлық «Тобылды» өз алаңында қабылдап, 0:1 есебімен ұтылған еді…

Енді 26 ұпайы бар клуб 14 орыннан 10-орынға жайғасқан. Матч кезінде және одан кейін жанкүйерлер тағы да бас бапкерді ауыстыруды және клубты ұстауға бюджет қаражатының ашық жұмсалуын, сондай-ақ оны сенімгерлік басқарудан облыс әкімдігінің балансына қайтаруды талап етті, деп хабарлайды “Ақ Жайық” басылымы.

Жанкүйерлер трибунада «Атырау алаяқтарды асырап отыр» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан еді, бірақ оны дереу олардан алып қойды.

«Атырау» бюджеті биыл 1 миллиард 272 миллион теңгені құрайды. Ақша 672 миллион және 600 миллионнан екі траншпен бөлінді.

Жалғас КҮЗЕМБАЕВ:

Футбол командасын ҚР чемпионаты мен кубогына қатысуға дайындау үшін бөлінген 160 миллион теңгенің тағдыры да жанкүйерлерді қатты қызықтырады. Кезінде осы ақша бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атырау кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, бірақ содан кейін бұл тергеу туралы әңгіме басылып қалды.

Ал жақында жанкүйерлер Мәдениет және спорт министрлігіне ашулы хат жолдаған, енді жауап күтіп отыр. Онда, атап айтқанда, былай делінген: «“Атырау” бір кездері «Ақжайық» клубын құлатып, бірінші лигаға түсірген футболға қатысы жоқ тұлғалардың сенімгерлік басқаруында, олар «Атырауды» да дәл осылай жасады. Оларға облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы қамқорлық жасады, ол ФК-ны сенімгерлік басқаруға беруге қатысты. Сенімгерлік басқаруға берілген кезден бастап «Атырауда» түсініксіз саясат пайда болды, бюджет қаражаты төменгі деңгейдегі легионерлерді сатып алуға жұмсалуда, клуб басшылығының жұмысын ешкім бақыламайды, инфрақұрылым туралы айтудың қажеті де жоқ».


Айта кетсек, 2020 жылғы ақпандағы жанкүйерлермен кездесуде облыстық футбол федерациясының жаңадан тағайындалған төрағасы Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ бірінші кезекте футбол клубының қаржылық қызметіне аудит ұйымдастыруға уәде берді, бірақ кейін «АЖ» тілшісіне егер ФК облыс әкімшілігінің балансына кері қайтарылмаса, ол бұл іспен айналыспайтынын айтты.

Жанкүйерлерге қайта оралайық. Олардың талаптарының бірі – легионерлер санын барынша азайтып, командаға мүмкіндігінше жергілікті ойыншыларды тарту. Жанкүйерлердің айтуынша, шетелдік ойыншыларды көптеп шақыру – басшылыққа ойыншылардың жалақысы шетінен  «жырып» беру сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. Айтпақшы, «Тобылмен» өткен матчқа бір ғана жергілікті ойыншы қатысты – ол Дәурен ҚАЙРАЛИЕВ.

Біз «Атырау» ФК баспасөз қызметіне жолықтық.

2019 жылдан бастап «Атырау» ФК сенімді басқаруға берілді, келісімшарт 10 жылға бекітілген. Біз клубты облыс әкімдігінің балансына қайтару туралы сұраққа жауап бере алмаймыз, бұл біздің құзыретімізге кірмейді.

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

Exit mobile version