АТЫРАУДА

Атырау-Астрахань тасжолы нақты қашан пайдалануға берілетіні айтылды

Бұл республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының жөндеу жүріп жатқан бөлігі. Трассаның 60 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталғаны белгілі. 

Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 26 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі кезде жолдың кейбір бөлігі ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат берілген.

Ал «Қазавтожол» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Жаңабай Башаров жолдың енінің әртүрлі болуына өзіндік себеп бар дейді.

Жол төсеу жұмыстарына 195 жергілікті жұмысшы тартылған.

«Қазавтожол» мекемесі басшыларының сөзінше, шекараға дейінгі 40 шақырым жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын Атырау-Астрахань тас жолының реконструкциясы 2023 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын халықаралық деңгейдегі 4 компания жүргізеді.

«Каспианлайф»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button