Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырау-Астрахан шекарасында қоршаулар орнатылуда

658b4339 47d2 4481 bcbf 6f7344b86707 870x400 1

Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында шекара қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

“Биыл 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды”, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған “Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі” бойынша екі ел арасында шекара белдеуі орнатылуда. Ал, демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын “2016” әскери бөлімі жүргізуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері түсіндіргендей, “2013 жылдың мамыр айында орнатылған №23 және №24 шекаралық белгілер арасындағы металл қоршаулар РФ аумағына қарай 10-70 метрге аралықта орналасқан”.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан ұзындығы 1800 метр қоршауларды тұрғызу үшін инженерлік жұмыстарды Көптоғай ауылында жүргізіледі.

Exit mobile version