АТЫРАУДА

Атырау көшелерінде ресейлік және армениялық көліктер тоқтатылып жатыр…

Атырауда төленбеген айыппұлдары бар 53 шетелдік автокөлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 10-16 мамыр аралығында қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар 53 көлікті анықтады, – деді Атырау ҚПБ Патрульдік полиция командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

Олардың ішінде 39-ы Ресей, 13-і Армения елінен әкелінген автокөліктер болса, бір көлік Грузия елінен әкелінген. Анықталған 53 автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, автокөлік иелерінен бір миллион 372 мың 134 теңге көлемінде айыппұл өндірілуде. Мысалы, 15 мамыр күні сағат 15:30 шамасында Азаттық даңғылы 20 үй тұсында патрульдік полиция қызметкерлері 1987 жылғы туылған азаматтың басқаруындағы Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған Toyota Estima автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің төленбеген 13 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.

Осыған байланысты Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарынан өздеріңізге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеп, төленген түбіртектеріңізді Атырау қаласы ПБ-ның Әкімшілік полиция бөліміне тапсыруларыңыз сұралады.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Нұрсая м/а, Әбілхайыр хан даңғылы 55, “Полиция” ғимараты, 2 және 3 терезе. Байланыс телефондары: 98-23-06, 98-23-26.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button