Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды (+ВИДЕО)

photo 94597

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды.

https://www.youtube.com/watch?v=EZk6ZW8beDw

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы “Ақ Жайық” басылымы жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеуді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Басқарманың өзінде журналистерге “әзірше ештеңе айта алмаймыз” деп жауап берген.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Қазір ол Атыраудағы УҰИ-ға қамауға алу үшін куәландырудан өтіп жатыр.

Exit mobile version