Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

1623035988474

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусты жұқтыру дерегі азайып, 19 науқас анықталған.

«Коронавирус инфекциясының таралу ошағы – Атырау қаласы. Мұнда 10 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Ал, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында – 8, Қызылқоға ауданында 1 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 17 пациент сауығып шықты» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастар саны да азайған. Қазір үй жағдайында емделу үшін 548 адам оқшауланған. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 111, Теңіз кен орнындағы стационарда – 68, №2 облыстық ауруханада – 52, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 пациент емделіп жатыр.

Exit mobile version