АТЫРАУДА

Атырау қалалық полициясына жол-көлік оқиғасы бойынша 2000-ға жуық хабарлама келіп түскен

Жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына жол-көлік оқиғасы бойынша 2000-ға жуық хабарлама келіп түскен.

Оның ішінде жол-көлік оқиғасын жасап, Ішкі істер органдарына хабарламай оқиға орнынан кетіп қалған 290 хабарлама тіркелген.

Жүргізушілердің назарына:

  • жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда оқиға орнынан кетіп қалмай, Ішкі істер органдарына хабарлаңыздар.

Хабарламаған жагдайда ҚР ӘқБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл алуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуларыңыз мүмкін екендігін ескертеміз!

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button