Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ЭПИДАХУАЛ ҚИЫНДАП ТҰР…

63105f0082961beb4

«Облыстық мәслихатының кезектен тыс VІ сессиясында Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі эпидемиялогиялық ахуалдың күрделі екенін айтты»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Күні бүгінге дейін жағдайды тұрақтандыру мақсатында медицина саласында бірқатар жұмыс жасалған. Айталық, былтырдың өзінде 10 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілген. Жыл басында жедел медициналық жәрдем автопаркі толық жаңартылған. Өткен жылы 5 жылжымалы медициналық кешен жеткізіліп, ковид емдеуге тартылған нысандарда 8 оттегі станциясы іске қосылған.
Аймақ басшысы қазіргі таңда өңірдегі ахуалдың тұрақсыз, әрі күрделі екендігін баса айтты.
«Қазіргі сәтте облыстағы жағдай күрделі. Коронавирустік инфекцияның тіркелуі жоғарлауына байланысты, 26 маусымнан бастап қызыл аймаққа ендік. Бұл «Дельта» штаммының таралуы мен тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр. Статистикаға қарасақ, ауру көрсеткіші 8 есеге өскен. Былтыр осы уақытта орта есеппен 5830 жағдай тіркелсе, биыл 7767-ге жетіп отыр.
Жағдайды тұрақтандыру мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен карантиндік шаралар қатаң бақылауға алынды»,-деген М.Досмұхамбетов, тұрғындардың көпшілік орындарға бармау қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі бүгінгі таңда «Ashyq»» бағдарламасының маңыздылығына да тоқталды. Осы уақытқа дейін QR кодты алуға 812 өтініш түссе, оның 781-і аталған кодты алған.
«Қазіргі таңда өңірдегі кейбір ауруханаларды қажеттігіне қарай инфекциялық стационарға айналдырып отырмыз. Осыларды қоса алғанда, жалпы өңірдегі инфекциялық төсек-орын саны 2927-ге жеткен. Қазіргі таңда инфекциялық стацинарда 1420 науқас ем алып, төсек орынның 48,6 пайызын алған. Оның ішінде 102 жүкті әйел, 4 жас босанған ана және 18 жасқа дейінгі 13 бала ем алуда. Мұндағы науқас саны соңғы 10 күннің ішінде 24 пайызға өскен. Ал, 3896 науқас амбулаториялық ем қабылдауда»,-деді М.Досмұхамбетов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы жедел жәрдем жұмысын күшейту мақсатында қосымша 7 жедел жәрдем бригадасы және 4 диспетчерлік пункт іске қосылғанын да айтып өтті.
Оған қоса, аймақ басшысы аурудан құтылудың бірден-бір жолы – вакцина екенін баса айтты.
Махамбет Досмұхамбетов қауіпті індеттің таралуы күшейе түсіп, жағдай ушықса, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұдан да қатаң шаралар қабылданатынын ескертті.
Айта кету керек, осы жылдың 1 ақпанынан бастап облыстың 135 мыңнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алған.

Exit mobile version