Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА 159 МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

2d75bb4eed66837af7f2463d3d263786 big

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев тамыз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Өңірде ерекше білімді қажет ететін 6653 бала бар, – деді ол. – Олардың білім алуына 159 мектепте (81%) жағдай жасалған. Осы көрсеткішті 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Осы орайда, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашу ғимарат тапшылығына байланысты мүмкін болмай отыр. Атырау қаласы бойынша ерекше білімді қажет ететін балалар үшін екі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы қажет.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі бастамасымен Индер ауданында​ инклюзивті білім беретін арнайы сынып​ ашылған болатын.

Exit mobile version