Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі өтіп жатыр.
«Іс-шара кезінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мамандары «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 20, тұрғын үй ауласындағы гараждан 84 дана бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. 28 жастағы күдіктіден тәркіленген 104 дана бекіре тұқымдас балықтың салмағы 362 келіні құрады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.