Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА 30 ЖАСАР АЗАМАТ ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗДЫ…

e8c183e8 9f9a 41e0 9b7a 28f11237f337

Тәуліктік пәтерді жалға алған 30 жастағы азаматша тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзған.

15 желтоқсан күні сағат 01:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғын қоңырау шалып, көршілерінің түнгі тыныштықты бұзып жатырғандығы туралы хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру кезінде, Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің пәтерін тәулікке жалға алған 1991 ж.т., азаматша анықталды. Ол тәуліктік пәтер ішінде әуен қосып, көршілерінің мазасын алған.
30 жастағы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабының 1 бөлігімен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіріп, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, тәуліктік пәтерді жалға берушіден түсініктеме алынып, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері қала аумағында түнгі тыныштықты бұзған 1500 жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасы тұрғындардың назарына:

Адамдардың демалысы мен тыныштығына түнгі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейiн, демалыс және мереке күндері сағат 23-ден таңғы 10-ға дейiн кедергі келтіргетіндерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы және бір жылдың ішінде осы бұзушылықты қайтаған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екендігін ескертеді.

Exit mobile version