Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА 5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ЫДЫС-АЯҒЫ ҰРЛАНЫП КЕТТІ

Атыраулық аспаз 5 млн теңге тұратын ыдыс-аяқтарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулет мәлімдеді. Кеше Атырау қаласындағы ірі серіктестіктердің бірінде аспазшы болып қызмет ететін 2002 жылы туылған азаматтың қылмысы әшкере болды. Ол өзі қызмет ететін серіктестікке тиесілі жалпы құны 5 миллион теңгені құрайтын ыдыс-аяқтарды қолды қылған.  Қазір аталған дерек бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Exit mobile version