Атырауда 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды

by Depti
0 views

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы 1 оқушының коронавирус инфекциясына шалдыққаны расталған.

«Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған. Ал, 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ, бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды» -дейді Гүлназ Ербатырова.

“Қазақпарат”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com