Шетелдік автокөлік жүргізушілеріне қатысты көптеген шағымға және шетелдік автокөлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылық санының артуына байланысты Атырау қаласының аумағында 16-30 қыркүйек аралығында «Шетелдік автомобильдер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шараның алғашқы үш күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзған 250-ге жуық «шетелдік» автокөлік жүргізушілері анықталды. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұл төлемеген 28 жүргізуші анықталды. Оның ішінде Ресейде тіркелген жиырма машина, жетеуі Армения және біреуі Қырғызстан тіркеуінде. Барлық анықталған автомобильдер ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылды.
Сонымен қатар, Атырау қаласының полиция басқармасы шетелдік автокөлік жүргізушілеріне міндетті сақтандыру шартын жасау қажеттілігі туралы қатаң ескертеді.
«ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасамауы — ҚР ӘҚБтК 230 — бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады»,-деп еске салды полицияның баспасөз қызметі.