Атырауда алаяқтар денсаулық басқармасының экс-басшысы атынан ақша бопсалаған

alaya tar 750x422 1

Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, экс-басшының әріптестерінен ақша сұраған.

БҚО полиция департаменті алаяқтық жасады деген екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның танысына қоңырау шалып, 300 мың теңге аударуды сұраған.

«Аймұрзиеваның танысы саспай, оған өзі қоңырау шалып, алаяқтардың қоңырауы туралы айтты. Аймұрзиева полицияға арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, екі күдікті анықталды. Олардан айғақтар алынды. Күдіктілер Аймұрзиеваның танысы емес. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Алпыс.

Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, экс-басшының әріптестерінен ақша сұраған.БҚО полиция департаменті алаяқтық жасады деген екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның танысына қоңырау шалып, 300 мың теңге аударуды сұраған.

«Аймұрзиеваның танысы саспай, оған өзі қоңырау шалып, алаяқтардың қоңырауы туралы айтты. Аймұрзиева полицияға арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, екі күдікті анықталды. Олардан айғақтар алынды. Күдіктілер Аймұрзиеваның танысы емес. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Алпыс.

Мәншүк Аймұрзиева қоңырау оның атынан жеке медициналық мекеме басшыларының біріне түскенін айтты.

«Алаяқ өзін мен деп таныстырып, менің колонияда отырғанымды айтқан. Ақша аударатын шотты айтқан. Полиция нақты жұмыс жасады. Күдіктілерді ұстады», — деді ол.

Еске салайық, Мәншүк Аймұрзиеваға «Немқұрайлылық» бабы бойынша 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Экс-шенеунік Атыраудың перинаталдық орталығында бала қайтыс болғаннан кейін жауапкершілікке тартылды.

«CaspianLife»

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: