АТЫРАУДА

Атырауда Алтын Ордаға арналған халықаралық конференция аясында ​ тарихи жәдігерлер көрмесі өтті

«Хан ордалы Сарайшық жерінде жасақталған тарихи көрмені отандық және шетелдік ғалымдарға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ Сарайшық төсіндегі көрмеге Аралтөбе және Миялы қорғанынан табылған алтын сауытты батырлар, көне жәдігерлер, ​ бес қару, 90-ға тарта домбыралар коллекциясы қойылды.

c093511d 1192 4014 9682 23b86c9da3d8

Сарайшықта өткен көрме барысында келушілер назарына барлығы 315 экспонат ұсынылды.

Еске сала кетелік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ​ Атырауда өткен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына 30-дан астам отандық және 10-нан астам шетелдік ғалымдар қатысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button