АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда автобус жаяу жүргіншіні басып кетті… (+ВИДЕО)

https://www.youtube.com/watch?v=QBay7Skiohw

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, 23 мамырда сағат 20:25 шамасында 1972 жылы туған маркасы «Daewoo Bс211ma» автобусын Атырау қаласы, Баймуханов көшесімен бойымен «Темір жол» вокзалы бағытынан Бергалиев көшесі бағытына қарай басқарып келе жатырып, реттелген Баймуханов-Бергалиев көше қиылысынан оңға бұрылу кезінде автобустың жүріс бағыты бойынша сол жақтан оң жаққа қарай жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп келе жатырған жаяу жүргінші 1994 жылы туған азаматшаны қағып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы орнында есін жимастан қаза болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабының талаптарына сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданылды.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, қабылданған шешім бойынша қосымша хабарланады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button