АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда автокөлік отқа оранды (+ВИДЕО)

Облыстық полиция департаментінен мәлім еткендей, көлік өрті 16 қарашада сағат 19:22 шамасында болған.

https://www.youtube.com/watch?v=DCv5TJWDitM

Бұл туралы inform.kz жазды. «Атырау-Индер бағытына қатынайтын тас жолдың бойындағы Ақсай-2 елді мекенінің тұсында «ВАЗ-2110» маркалы жеңіл көлік өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндірді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған көлік өртінен зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Дегенмен, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүргізушілерге көлік өртінің алдын алу үшін ескерту жасап отыр.

«Көлік өртінің дені электр желісінің қысқа тұйықталуынан болады. Бұл әсіресе, алыс жолға шыққанда, немесе қозғалып келе жатқанда қауіп төндіреді. Сол себептен, көліктің өздігінен өртенуіне жол бермеу үшін электр желісін жиі тексеруден өткізіп тұру қажет» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button