Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда ауыл әкімдерін сайлауда заңбұзушылық тіркелген жоқ

img 20210725 wa0036 1

Атырауда ауыл әкімдерінің сайлауында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 800-ге жуық полицей жұмылдырылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Атырау облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Сайлауда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету – өте маңызды. Сондықтан қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Оның құрамына прокуратура қызметкерлері де бар. Учаскелердің бәрінде қауіпсіздік деңгейі тексерілді. Бюллетеньдерді жеткізу барысында полиция бірге ілесіп жүреді. Қазір жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп бұзу дерегі орын алмады, – деді Берік Амангелдіұлы.

Exit mobile version