Атырауда балабақша бүлдіршіндерді «асық терапиясы» арқылы тәрбиелеуде

Атырау қаласындағы № 33 “Көркемай” бөбекжай- бақшасында қазақтың ұлттық ойыны – асық ату дәріптелуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

№ 33 “Көркемай” бөбекжай- бақшасының директоры Гүлбану Қонаеваның айтуынша, асық ату ойынын үйрету балалардың ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді. Осы асық терапиясы облыс көлемінде өз тәжірибелерін таратып үлгерген.

Exit mobile version