АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА БАЛАЛАР ҮШІН ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ АШЫЛҒАН (+фото)

Атырауда оқушылар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тару мақсатында 816 млн теңге бөлінді.

Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады. Соның арқасында қазір 6 мыңнан астам бала спортпен тегін шұғылдануда. Одан бөлек, білім беру басқармасы жанындағы 7 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубында 14 мыңға жуық бала спортпен айналысуда.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, балалардың спорттық секцияларын жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, қазір қаланың бірнеше нүктесінде және ықшамаудандарда спорттың 9 түрінен секциялар тегін жұмыс істеп тұр. Балалар спорттық би, шахмат, футбол, волейбол, бокс, еркін күрес, көркем гимнастика, карате, суда жүзу және дзюдо үйірмелеріне бара алады. Бұл үйірмелерде қазір 6538 бала жаттығуда.

Аталған үйірмелер баланың әлеуметтік мәртебесіне қарамай кез-келген баланы қабылдай береді (баланың көпбалалы немесе аз қамтылған отбасынан екені туралы анықтама қажет емес). Бірақ кейбір жеке мектепте тегін секциялар үшін орындар саны шектеулі. Біз хабарласып білген жеке мектептің біріндегі футбол секциясында баланы 6 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта қабылдайды. Қазіргі кезде 60 орын толық, дегенмен резервке тұрса болады. Спорт басқармасы спорт секцияларын жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бойынша биыл тағы қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

3371620b4e1a9ee95
4934620b4e1aada4d
6209620b4e1ace739
6830620b4e1abb39f
7648620b4e1a7c75f
9889620b4e1a902e0

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button