АТЫРАУДА

Атырауда балық аулау маусымы аяқталды

ҚР Үкімет басшысы А.Мамин: «Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Бұл тұрғыда балық шаруашылығы перспективалы бағыттардың бірі.

Мамандардың пікірінше, еліміз балық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие», — деген болатын. «Інжу-Маржан» ЖШС-і балық шаруашылығын дамытудың жоспарына сай жұмыстар атқаруда. «Інжу-Маржан» ЖШС-і көктемгі тартымды табысты аяқтап, берілген лимиттің 80 %-н игерді. Балықтарды тұншығу қаупін алдын алу іс-шаралары бағытындағы  құтқару жұмыстары бойынша 2021 жылы мекемеге бекітіліп берілген Жайық өзені «Төменгі Дамба» тартымында  ойық (майна) және  үкілер ойылды. Ойылған ойық пен үкілерді қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы қызыл ленталармен қоршап, арнайы ескерту тақтайшалары орнатылды. Махамбет инспекциясының маманы мемлекеттік инспекторының қатысуымен балық тұншығу қаупін болдырмау жұмыстары іске асырылды.

Су айдыны жағалауларында балық өлекселерін  жинау, тазалау  жұмыстарын жалғастыру мақсатында «Інжу-Маржан» ЖШС-і қызметкерлері және еріктілер, жалпы саны 30-ға жуық адам атсалысып, 4 жеңіл автокөлік және 1 трактор техникасы жұмылдырылды. Осы су айдынын тазалау жұмыстары бүгінгі күнге дейін атқарылып келді. 1,024 кг балық өлекселері жиналып,  көмілген болатын. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар  өз жалғасын тауып, жүзеге асырыла береді. Табиғат пен оның байлығы – ортақ игілік болғандықтан, жағалауды тазалау – жауапты іс.   

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button