Атырауда баспана беру көрсеткіші өсуде (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Атырау облысы әкімдігінің қолдауына сәйкес «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күніне орай облыстағы барлық білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Цифрлы ұстаз» байқауын жариялайды.

Мақсаты:

– Білім беру мен тәрбие ісінің сапасын көтеру;

– Педагогтардың білім берудегі озық тәжірибесін насихаттау;

– Заманауи, жаңашыл ұстаздарды анықтау және ынталандыру.

Қатысу шарттары:

  • Бейнеролик түсіру (білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдері, т.б.). Ұзақтығы – 1 минутқа дейін;
  • Қатысушы бейнероликті Facebook, Instagram парақшаларында 2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында #atyraupedagogkonkurs хэштегімен жариялау;
  • Қатысушы «Атырау газеті», «Прикаспийская коммуна» (Facebook), @atyrau_gazeti.kz, @pricom.kz (Instagram) парақшаларының тіркелушісі болуы;
  • Қатысушының облыстық «ATYRAY`», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің біріне 2022 жылға жазылғаны туралы түбіртегі (квитанция) болуы;
  • Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданып, үздік жұмыстар облыстық газеттер сайттарында жарияланады.

Ескерту:

  • Жеңімпаздар әлеуметтік желідегі рейтингі (көрілім, лүпіл, бөлісуі көп) және мазмұнының тереңдігі бойынша арнайы комиссия шешімімен анықталады;
  • Жеңімпаздың облыстық газеттердің әлеуметтік парақшаларындағы белсенділігі ескеріледі;
  • Жарнамалық сипаттағы және тақырыпқа сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.

Байқау қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні қарсаңында қорытындыланады.

І орын – ноутбук;

ІІ орын – планшет;

ІІІ орын – смартфон.

Үздіктер арнайы дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастырушы:  «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі.

Анықтама телефондары: +7 707 218 18 69, +7 7122 458 650.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com