Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА БАСШЫ МЕН ЕСЕПШІ ТУЫСТАРЫНЫҢ ШОТЫНА 112,8 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРҒАН

210427180319557e

Тексеру комиссиясы қызметінің жылдық есебі бойынша Атырау облысында Бюджет кодексі нормаларының бұзылу фактілері «көш басында» тұр, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Аслан Құмаров 2021 жылғы өткізілген мемлекеттік аудит іс-шаралары қорытылған брифингте атап өтті.

Оның айтуынша, Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы мен есепшісі еңбекақы, іс-шаралалар мен іссапар шығындарына бөлінген бюджет қаражатын өздерінің және туысқандарының карт шоттарына аударып, 112,8 млн. теңгені жымқырғаны анықталған.  Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға 7 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалыпты. 

–  Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Г.Кубашеваның қызметкерлердің атымен өзіне тиесілі жеке карт шоттарына сомасы 18,4 млн.теңге көлемінде ақша аударылғандығы анықталып, 7 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есепшісі  А.Биғалиеваның спорттық іс-шараға және іссапарларға бөлінген қаржыны дәлелдейтін құжаттарсыз және тиісті бұйрықтан артық көлемде 2,6 млн.теңге бюджет қаражатын негізсіз аударғаны белгілі болды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде оған 500 сағат қоғамдық  жұмысқа тарту түріндегі жаза берілді, – дейді комиссия мүшесі.  

Атырау қаласындағы №26 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының есепшісі Г.Тленбаева да мемлекет қаржысын  өз мүлкіндей пайдаланыпты. Ол сомасы 25 ,6 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатын өзінің банкомат картасына және туысқандарына артық аударған. Есепшіге шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған екен.

Exit mobile version