Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.
«Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы байланысты қосымша ақпарат беруге уәде етті.