Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ЕРІКТІЛЕР ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

15a368ecca7a177e393da47e50d3ffc2 original.30745

Атырауда қоғамдық тәртіпті полициямен бірге еріктілер қамтамасыз етуде.

“Қазіргі таңда 62 ерікті арнайы жасақпен бірге қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр” деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау үшін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 62 мұғалімі полицейлермен бірге жаяу патрульге шықты.

Сондай-ақ, 100-ге жуық полиция ардагерлері мен еріктілер, қоғам белсенділері қоғамдық тыныштықты сақтауға ниет білдірді” деді Атырау облысының коменданты – полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Exit mobile version