АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ЖОҚ КОМПАНИЯНЫ ЖАРНАМАЛАП 150 МЛН ТЕҢГЕ ЖИНАҒАН

150 млн теңгені иемденген алаяқ мүлдем тіркелмеген компанияны жарнамалаған, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеп.

Атырау қаласында 1983 жылғы әйел адам өз таныстарына 1978 жылғы күйеуінің компаниясына үлескер болу үшін қаражат құйып, кейін түскен табыстан жақсы  пайда көруге болады деп сендірген. Жиған-тергенін берген 18 тұрғын ешқандай пайда түспей не үлескерлікке деп құйған ақшасын кері қайтара алмаған 18 жәбірленуші полицияға арыз жазған. 

– Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4 бөлігі 2 тармақшасымен, яғни аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, 18 жәбірленушіге 150 млн теңге залал келтірілгенін анықтады. Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі тұрғындардың өз қаражаттарына деген сақтық шараларын сақтамауынан және қаражатыңызды еселеп беремін деген тұлғалардың нақтылығын, заң жүзінде тексермеуі салдарынан орын алады, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. 

16 қараша күні, Атырау қаласының №2 соты жәбірленушілердің 150 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденген ерлі-зайыптыларды 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button