Атырауда инватакси жеткілікті ме?

ӨҢІРДЕ «ИНВАТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ ЖҮЙЕЛІ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН.

Өңірде ерекше күтімдегі адамдардың жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Инватакси» қызметі ұйымдастырылып келеді. Мәселен, 2022 жылдың 5 айында «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің 5 автокөлігімен 2192 тасымал жасалынып, кресло-арбамен қозғалатын 77 мүгедекке қызмет көрсетілді. Оның ішінде, қызметпен қамтылған балалар саны -23, ауылдық елді мекенінің тұрғындары -18 адам. Сонымен қатар, «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің 9 автокөлігімен 5527 тасымал жасалынып, 84 көз мүгедегіне қызмет көрсетілсе, «Мақат» қоғамдық бірлестігі 10 автокөлігімен 6390 тасымал жасалынып, 87 мүгедекке көмек ұйымдастырылды.Сондай-ақ, «Макдональдс» компаниясы мүгедек жандарды тасымалдайтын арнайы екі автобусты бөлімге сыйға тартты. Осы автокөліктер көмегімен мүгедек жандар үшін тәулік бойына қызмет көрсететін «Такси» қызметі ұйымдастырылып келеді.

Exit mobile version