Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА КЕЙ АУЫЛДА ДҮКЕН ЖОҚ

4d9ea5da5413ec6a69534ae35a508962

Пандемия облыс орталығынан шалғайдағы Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің тұрғындарын қиын жағдайда қалдырды.

Оған дейін азғырлықтар барлық керек-жарағын 60 шақырымдағы Ресейдің Харабайлы қаласынан (Астрахань облысы) алып келген болатын. Ал шекара жабылған соң азғырлықтар 500 шақырымдағы Атырау қаласынан, 260 шақырымдағы аудан орталығы Құрманғазы ауылынан, одан қалса Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Орда, Жаңақала аудандарынан тасымалдауға мәжбүр болды.

Азғыр округіне қарасты Балқұдықта 5, Азғыр ауылыеда 1 дүкен жұмыс жасаса, Қоңыртеректе мүлдем жоқ. Асан ауылдық округінде: Асанда 2, Үштағанда 4 дүкен бар. Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Сүйіндік ауылында 10 дүкен жұмыс жасаса, Жалғызапан, Батырбек және Егінқұдықта мүлдем дүкен болмаған.

Азғыр өңіріндегі дүкендерде 1 сұрыпты 50 кг ұн 12500-13000, күріш 1 кг 300-450, рожки 320-450, қант 300-440, картоп 300-323, сәбіз 250-300, жуа 180-200, қырықабат 220-300, тауық еті 1300-1500, сүт 350-400, өсімдік майы 650-1000, сары май 960-1000, жұмыртқа 45-60, сүзбе 800-1000, айран 350-400 теңге тұрады.

“Ақ Жайық”

Exit mobile version