Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда көлік жүргізуші наркомандар көбейген

lisheniye prav za alkogolnoye opyaneniye 2 min

Есірткі тұтынып, көлік жүргізген азамат  көлік жүргізу құқығынан айырылды.

18 ақпан күні сағат 01:48 шамасында Атырау қаласы Азаттық Темірханов көше қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған  маркасы «Toyota windom» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушісі 1988 ж.т қала тұрғыны Атырау қалалық медициналық сараптамаға жеткізіліп,  қорытындысына сәйкес «каннабиноид» тұтыну әсерінен болған есірткілік масаң күйде екендігі анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен хаттама жасақталып, сотқа жолданып, сот шешімімен  15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар 34 жастағы азамат 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Exit mobile version