Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

screenshot 20211012 011813

АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА АТЫРАУ ӨҢІРІНІҢ
ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады.

    Осы орайда, отбасы институтын қалыптастыруда  адалдық және   парасаттылықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұғымын тәрбиелеу мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы ішкі саясат басқармасының  қолдауымен қыркүйек айында «Атырау Адалдық алаңы» жобасы аясында   «Парасатты  отбасы» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш шара биыл  үшінші  рет өткізілуде. 

«Парасатты отбасы» облыстық байқауы екі кезеңнен онлайн және оффлайн түрде өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушы отбасылар «Отбасымының бір күндік тірлігі» тақырыпта бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялады. Байқау шартына сәйкес желіде «Ең көп пікір жинаған 7 отбасы екінші кезеңге өтіп, қыркүйек айының 28 күні Құрманғазы мәдениет үйінің сахнасында бақ сынасты. Олар Атырау қаласынан Құрмашевтар, Ермекқалиевтер, Қабдировтар, Нұрбергеновтер, Иганбердиевтер және Индер ауданынан Мұсағалиевтер мен Мақат ауданынан Бапиевтер отбасылары. Қатысушы 7 отбасы екінші кезеңде адалдық, адамгершілік, парасаттылық жөнінде жасырылыған үш мақал-мәтелдермен жарысып, сыбайлас жемқорлық әрекеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Сынға түскен отбасылардың өнерлерін комиссия мүшелері ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы блйынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор-комиссия хатшысы Замзагүл Жалмурзина, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогика колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Әсем Қабделова және «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Данагүл Жайлаубаевалар бағалады.

Комиссия мүшелерінің шешімімен 1-ші орынды Индер ауданынан келген Мұсағалиевтер отбасы жеңіп алып, «Парасатты отбасы» номинациясын иеленді, ал 2-ші және 3-ші орындары Атырау қаласынан қатысқан Иганбердиевтер және Құрмашевтар әулеттеріне беріліп, «Белсенді», «Өнегелі» номинациялары табысталды. Барлық қатысушыларға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Қанат Сүлейменов арнайы диплом және юағалы сыйлықтармен марапаттады.

Exit mobile version