Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН САРБАЗДАР ЖАРАҚАТТАНДЫ

screenshot 20220110 081647 com.android.chrome

Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алған.

“Бұл туралы Атырау облысының коменданты – полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев айтты” деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Жаппай тәртіпсіздік кезінде бір адам көз жұмды. Облыстық әкімдік ғимараты мен полицияның 7 көлігі бүлінді. Заңсыз митингке қатысқан 275 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 186 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр, – деді Қамза Үмбетқалиев.

Exit mobile version