Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда қай нысандар сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады?

Атырауда Аshyq жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды» -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, «Аshyq» жобасына қатыспайтын нысандардан басқа «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) көрермендермен спорттық іс-шараларды 30%-дан аспайтын уақытта толтыруға рұқсат етіліп отыр.

Жаңа қаулыда 15 қыркүйекте сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Exit mobile version