АТЫРАУДА

Атырауда қанша адам АИТВ инфекциясын жұқтырған?

Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 7 айында АИТВ инфекциясының 2155 жағдайы тіркелген.  Атырау облысында АИТВ жұқтырған 23 адам анықталған.

Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8 жағдайға артық. 2020 жылы 15 жағдай тіркелген еді.

Биыл вирус жұқтырғандардың 78,3 пайызы ер азаматтар, 21,7 пайызы әйелдер.

АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі 20-29 жас аралығындағылар / 39 пайыз/ , 30-39 жастағылар 26,1 пайыз. 40-59 жастағылар 26 пайыз және 60 жастан асқандар мен 15-19 жас аралығындағылар 8,6 пайыз.

Әлеуметтік ахуал бойынша айтар болсақ, анықталғандардың 65 пайызы яғни 15-і жұмыс жасайтындар.  Ал, 21,7 пайызы – 5 адамның жұмысы жоқ.  4,3 пайызы зейнеткер.

Вирусты 69,6 пайызы гетеросексуалды,  26,1 пайызы гомосексуалды жыныстық  жолмен жұқтырған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button