АТЫРАУДА

Атырауда «Қауіпсіз тағам таңда» акциясы өтті

Бүгін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен «Аламан» базарында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМҚ Атырау облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс өнімдерін нитратқа тексеру үшін «Қауіпсіз тағам таңда» атты акциясы өткізілді.

«Ұлттық сараптама орталығы» филиалы мамандары тұтынушылар сатып алған өнімдер құрамын экспресс-әдістермен тегін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерінің құрамын, сапасын, сараптамадан қалай өткізілетіндігі және дұрыс тағам таңдай білуді түсіндіру.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button