Оқиға 22 шілде күні Құрманғазы ауылында орын алды.
Бүгінгі күннің батыры “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Құрманғазы аудандық ХҚКО бөлімінің көлік жүргізушісі Бекбосын Бөкейхан Дауылбайұлы көзсіз ерлігімен ерекшеленді.
22.07.2021 күні сағат шамамен 16:30-да “Аманат” құрылыс дүкенінде алаулаған өрт көк аспанды қара түтінмен жапты. Дүкен Кұрманғазы ауылы Сатеков көшесі 10 үй мекен-жайында орналасқан. Курьерлік қызметін атқарып жүрген Бөкейхан, ерекше ержүректік танытып жергілікті халықтың көзіне түсті. Көлікті қауіпсіз жерге тұрақтаған ол, жедел жерлестеріне тұңғыш шаралардың әрекеттерін жасауды бұйырып, өртенген дүкеннің ішіне еніп кірді.
Бірінен соң бірінен дүкеннің ішіндегі құнды тауарларды далаға, қауіпсіз жерге шығарып шауып жүрген Бөкейханды көрген жерлестері жігерленіп батырдың жанына көмекке келді. Жарақаттанғандар бар, бастысы халық аман-есен бәрі сау. ХҚО қызметкері түрлі денесіне күйік алып ауруханаға жеткізілді.