Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМНІҢ САУСАҒЫН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

screenshot 20220101 180834 com.whatsapp

Атырауда құтқарушылар жасөспірімнің саусағын құтқарып қалды.

1 қаңтарда түнде сағат 01.46-да жасөспірім саусағынан сақинаны өз бетінше алып тастай алмайтындығы туралы қоңырау түсті. Шақыру орнына келген кезде, Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінде саусағында сақинасы тұрып қалған 15 жастағы жасөспірім бар екені анықталды.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, саусақтың құтқару жұмысына дереу кірісіп, авариялық-құтқару құралының көмегімен жасөспірімнің денсаулығына зиян келтірместен сақинаны кесіп тастады.
Жүргізілген операциядан кейін құтқарушылар мұндай жағдайларда дер кезінде көрсетілген көмектің маңызы зор екенін нақтылады.

Құрметті азаматтар, саусақ ұзақ уақыт қысылып қалса, оның ісінуі іріндеуге, тіпті ампутацияға әкелу мүмкін, сондықтан егер Сіз немесе Сіздің балаңыз осындай жағдайға тап болса, дереу 112 нөмірі бойынша құтқарушыларды шақыру керек.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Exit mobile version