Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА СОЛЮТ САТҚАНДАРДЫ ҰСТАП ЖАТЫР…

img 20211224 wa0120

Атырауда заңсыз мерекелік отшашу  сатқан екі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Атырау қаласы аумағында 23 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында жаңа жылдық мереке күндері қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау мен жолын кесу  мақсатында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде. Шара барысында тәртіп сақшылары заңсыз отшашу сатумен айналысқан 2 тұлғаны анықтады, – деді, Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Мәселен, 23 желтоқсан күні Дина сауда базарының артында 1975 жылғы азаматтың заңсыз  отшашу сатқаны анықталды.
Сондай-ақ, 24 желтоқсан күні “Көктем” сауда орталығының артында 1980 жылғы азаматша анықталған.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен  (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, пиротехникалық бұйымдарды барлық қауіпсіздік талаптары сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана сатуға болады. «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Exit mobile version