Атырауда студенттер референдумға қатысты ойларымен бөлісті

APEC PetroTechnic жоғары колледжіне Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті, саясаттанушы Болат Нығметов келді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Саясаттанушының колледж студенттерімен және оқытушыларымен кездесуі кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар, сондай-ақ, алда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысудың маңыздылығы талқыланды.

Колледж студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасына қолдау білдіріп, жастарды 5 маусымда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Exit mobile version