Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ТЕРАКТ БОЛАДЫ ДЕП ДҮРЛІКТІРГЕН…

photo 362066

Атырауда жыл басынан бері терроризм актісі жайлы 4 жалған  хабарлама келіп түскен.

– Бүгінгі күнге дейін Атырау облысы полиция департаментіне ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша барлығы 4 факт тіркеліп, барлығы бірдей ізі суытылмай анықталып ашылды.
Анонимдік хабарлама берудің негізгі мотиві мас күйіндегі азаматтардың бұзақылық ниеттері болып отыр. Жалған анонимдік хабарлама берген 20-40 жас шамасындағы Атырау облысының тұрғындары екендігі анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша
қылмыстық жазасы тағайындалып, келтірілген шығындар (жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі) қайтарылды-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру көп жағдайларда адамдар арасында үрей мен қорқыныш туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу
ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр
болады.

Атырау облысы Полиция департаменті: Тұрғындар назарына, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген тұлға құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып ұсталатындығын, осындай жағдай орын алған кезде ҚР ҚК-нің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын және 54 бабының 12) -тармағында көрсетілгендей алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға, сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жай ауырлататын мән-жай деп таныладындығын сондай-ақ ата-аналар мен жасөспірімдердің назарына – аталған бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатындығын ескертеді.

Exit mobile version