Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ТҰРҒЫНДАР МҰЗҒА ОЙЫЛЫП КЕТТІ…

screenshot 20211224 174051 com.whatsapp

Мұз ойылып 2 жігіт суға кетіп қала жаздады.

Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып үстінде жүрген 2003 ж.т., жігіт суға кетіп бара жатқанын көріп жанындағы досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп аман қалды. Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағадағы Атырау қаласы полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырды.

Атырау облысының полицейлері мұз бетінде жүру қауіпті екендігін ескертеді.

Айта кетейік, тәулік бойы қызмет көрсететін стационарлық полиция бе­кет­тері құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға ба­ғытталған патрульдік-бекеттік қыз­мет атқарудың негізгі ныса­ны болып саналады. Мақсат – халық көп жиналатын қоғамдық орындар мен криминогендік учаске­лерде, сондай-ақ құқық бұзушы­лық жиі тіркелетін аумақтарда полиция қызметкерлерінің тұрақ­ты болуын қамтамасыз ету, сон­дай-ақ қоғамдық тәртіптің жай-күйін тікелей қадағалау және аза­маттардың өтініштері бойынша шараларды жедел қабылдауды ұйым­дастыру болатын.

Exit mobile version